Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚПАРАТТЫ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

23.01.2021

АҚПАРАТТЫ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

 

Білім беру-оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз процесі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат -жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейін, өзіндін ой-талғамы бар, бәсекеге қабілетті дарынды тұлғаны қалыптастыру. Баланың дүние танымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлауын кеңейтіп, ой еркіндігіне жол алу-бұл білім берушінің басты мақсаты.
Ендеше қазіргі заманда мұғалімге тек қана өз пәнін біліп қана қоймай, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Оқу үрдісінде компьютерді оқып үйрену ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құрамы реті де әрекет етеді. Ақпараттық оқытудың тиімділігін төмендегі бағыттарға бөлуге болады:
Ø бірінші бағыт білім, білік дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды,
Ø екінші бағыт тұрғысында ақпараттың технология оқу-тәрбие үрдісін-ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүкіл әлемдік беталыстан шеттеп қалмау мақсатында қолданылып жатқан компьютерлік технологияның біздің елімізде өркендеуі, әсіресе, білім беру саласында көзге түсуі. Ақпараттың технологияның оқу үрдістерінде қолдану мүмкіндіктерін толықтай пайдалануда. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Осындай жұмыстарды іске асыру барысында мектепте ақпараттандыру енгізіліп ұстаз қызметі жаңа құндылықтарды, кәсіби құзырлықты арттыруда негізгі мәселелерді шешіп отыр. Осындай орындалған істердің барлығы бір мақсатта, яғни білім сапасын арттыру және жаңа заманға сай ұстазды қалыптастырады, сонымен қатар мектептің жаңа бағытқа қарай беталысын жақсартады. Қазіргі заман талабына сай жабдықталынған осындай технологиялар арқылы біздің мектеп оқушылары интернет олимпиадаларға қатысуға қол жеткізіп отыр, яғни мектеп оқушыларының әрбір мүшесі мәлімет алып, білім алады, жеке тұлғаның интелектуалдық және шығармашылық қабілеттері дамыды, білім алуы жеделдетілді, білім беру мен оқыту қорқынды дамиды.

 

Ерекина К.С.

 «Қарлығаш» балабақшасы

 

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст