https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке, қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Ертеңгіліктің барысы:
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті Аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулыаналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіпжетті. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбекемес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Аяулы анашым» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.
(Балалар залға қол ұстасып, жұп тасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді.)
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 – ші Наурызбен!
Жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән «Коктем»
Жүргізуші:
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!
Тақпақ:
Жеңіс:Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Азалия:
Үн қатасын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
8-ші наурызбен.
Жүргізуші:
Ақ қар еріп
Су көбейіп!Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
-Балалар, айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\
-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Көктем
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.Қанекей бәріміз бірге ару Көктемді қарсы алайық
Музыка әуенімен Көктем кіреді
Көктем келеді. \балалар мен амандасады.\
Көктем:Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
түбіне тал еккенмін
Жүргізуші:Амасың ба! АруКөктемБіздің ертеңгілігімізге қошкелдіңіз
Көктем:Рахмет сендерге балалар!
Жүргізуші:Көктем ,қошкелдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !
Би: «Гүлдермен»
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір балалар биі.
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би « Балапан биі»Орындайтын–кішкентай балалар.
Тақпақтар:
Медина:
Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Самира:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Құбылай:Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Ойын. «Өз үйіңді тап»
Би «Көңілді би»
Көктем:
-Балалар сендер ойын ауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап бер сендер мен сендерге ойын әкелдім,келісесіңдер ме?
-Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?
-Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?
-Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?
-Дұрыс менің қолымда бәйшешек гүлдер, Қазір мен бүл гүлдерді жерге бесеуін қоямын,музыка ойналады,сендер билейсіңдер,музыка тоқталғанда тез гүлді жерден алу керек,кім үлгірмейді сол ойынаншығады.
Оркестр «Үлдар»
Ойын: «Гүлдерді теру»
Көктем:Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Мың бұрал ғанақ қайындай
Бишелер шықсын ортаға.
Ал ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қол қала.
Ән «Анамызға арнаймыз»
Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады)
Би «Вальс»
Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсы нырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке .