https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
МЕНІҢ
СҮЙІКТІ ОЙЫНШЫҒЫМ
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Білімділігі:
Өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп (түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны ), әңгімелеп айтып беруге, ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға үйрету .
Дамытушылық :Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту .
Тәрбиелік : Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , эстетикалық талғамдарын кеңейту, ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .
Әдіс тәсілі : ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ .
Пән аралық байланыс : Қоршаған орта , көркем әдебиет
.Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері, машина, доп, бүктеме, қуыршақ .
Ұйымдастыру кезеңі
1 . Шаттық шеңбері.
2 .Қонақтармен амандасу.
3 . Көтеріңкі көңіл күй.
4 . Ертеңгілік жылы лебіздер
5 . Өткен іс –әрекетті еске түсіру
6 . Жаңа оқу іс –әректімен танысу
7.Жыл мезгілдерін сұрау.
8 . Сурет бойынша жұмыс
9. Сұрақ - жауап
10. Жұмбақтар
11 . Дидактикалық ойын « Жалғасын тап »
12 . Р .Тышқанбаевтың « Қуыршақ» өлеңін оқып беру
13. ойын : « Ғажайып қорапша! »
14. Сергіту жаттығуы .
15 . Мазмұнды –рольді ойын : « Ойыншықтар дүкені »
16 . Шығармашылық жұмыс
17 . Қорытынды
18 . Қонақтармен қоштасу .
Балаларды ұйымдастыру . Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.
Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады
Қайырлы тан Жер Ана
Қайырлы тан Көк Аспан
Қайырлы тан достарым
Қайырлы тан қонақтар
Аман есен болайық
Бейбітшілікті қолдайық
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар :Жүрек
Тәрбиеші:Қане, балаларжүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.
Балалар:Аспанымыз ашық болсын. Күніміз жарқын болсын.Еліміз тыныш болсын .Ауырмайық ,денсаулық болсын.Нанымыз көп болсын. Ата- анамыз аман болсын.Бейбітшілік болсын.
Балабақша гүлдене берсін! Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы
Тәрбиеші:Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?
Балалар:Жылулықты, мейірімділікті, достықты.
Тәрбиеші:Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар:Күз мезгілі
Тәрбиеші:Күздің қандай айы
Балалар:Қараша айы
Тәрбиеші:Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: Күз мезгілінде күн суытып салқындайды, кейде жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, адамдар жылы киіне бастайды.
Сұрақ - жауап ; Сүйікті ойыншықтарың бар ма ? Қандай ойыншықтарың бар ? --Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?
- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар; жауап береді.
Тәрбиеші ; Балалар , мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Балалар ; Олар - ойыншықтар .
Тәрбиеші ; Ойыншықтармен не істейді?
Балалар ; Ойыншықтармен ойнайды .
Тәрбиеші ; Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп,олар қандай әсем , әдемі ойыншықтар . Балалар мынау қандай ойыншық?
Балалар; доп.
Тәрбиеші; доптың пішіні, түсі қандай ?
Балалар; жауап береді .
Тәрбиеші; Доптың қимылы қандай ? -Қане бәріміз допша секірейікші ? Кім доп туралы тақпақ біледі ?
Балалар; Топ –топ добым домалақ, Қайда кеттің домалап.
Бір ,екі деп екі ұрдым , Шатырға сен секірдің .
Тәрбиеші; Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар; қуыршақпен .
Тәрбиеші; -Дұрыс айтасыңдар . Қуыршақпен .Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай ?
-Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді ?
-Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар; машинамен ойнайды .
Тәрбиеші; Ал, машинаның түсі қандай? Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді .
1. Матадан жасалған .
2. Пластмассадан .
3. Резинадан жасалған ойыншықтар .
Сипаттама беру .
ЖҰМБАҚТАР ШЕШУ ;
1. Аяғы бар , жүрмейді ,
Аузы бар , күлмейді .
Айнымайды бөпемнен ,
Тек сөйлеуді білмейді. ( қуыршақ )
2. Суға салсаң батпайды ,
Түскен жерге жатпайды ( доп )
Дидактикалық ойын; « Жалғасын тап » .
Ойын шарты; Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды .
-Менің ойыншығым ............. /әдемі /.
-Мен қуыршақпен ................/ ойнаймын/ .
-Допты жоғары .................... /лақтырдым / .
Р. Тышқанбаевтың «Қуыршақ » өлеңін оқып беру .
Сөйлемейсің сен неге ,
Тілің жоқ па, қуыршақ ?
Жуынбайсың сен неге ,
Кірің жоқ па, қуыршақ ?
Аяғың бар, сен неге ,
Жүре алмайсың, қуыршақ ?
Жұмсағанда сен неге,
Тіл алмайсың, қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің,
Аңқаусың ба, қуыршақ ?
Бізбен бірге жүрмейсің,
Жалқаусың ба ,қуыршақ ?
Сергіту сәті ;
Орнымызда тұрамыз,
Дөңгелекті құрамыз
Қолымызбен шапалақтап,
Аяқпенен ұрамыз.
Ойын ; «Ғажайып қорапша ». ( ішінде асық)
Ойын шарты; көздеріңді жұмып қоржыннан кез -келген ойыншықты аласыңдар . Алған ойыншықтарыңның атын, түсін, қатты , жұмсақ екенін айтып, жақсы мейірімді тілек білдіресің. Мысалы; мен асықты алдым, асық ойыны ұлттық ойын, асықтың түсі – қызыл, қатты және асықпен қалай ойнау керек екенін көрсеттім.
Мазмұнды- рольді ойын; «Ойыншықтар
дүкені ».
Мақсаты; Сөйлемді толық құрауға үйрету , ойлау қабілеттерін дамыту .
Мамандыққа баулу , яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету .
Ойын шарты; 1- бала –сатушы , 2-бала – кассир , 3-бала –тексеріп , қарап алушы . Дүкенге барғанда тәртіпсақтауымыз керек . « рахмет ! » , « қош келдіңіз ! »деген сөздерді пайдалану ( 2 – 3 рет балалардың орындарын ауыстырып ойнату ).
Шығармашылық жұмыс. Қане,енді барлығымыз орнымызға отырып, доптың суретін салайық. - Балалар,алдарыңда ақ қағаз бар ма? -Қане ,көрсетіңдерші.
- Саусақтың ұшымен тура ортасын көрсетеміз.
- Дұрыс , балалар.
- Ал енді тура ортасына доптың суретің саламыз.
Қорытындылау .
Күтілетін нәтиже ;
Біледі; ойыншықтардың түрлерін , түсін , пішінін білу .
Игереді; Толық сөйлем құрау .
Меңгереді ; Ойыншықтарға жанашырлықпен қарап , достарымен бөлісіп ойнау .