Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала логикасын дамыту

25.05.2017

Бала  тәрбиесі – өте ерте заманнан бастап  адамзатты толғандырып жүрген  өмірдің 

өзекті  мәселелерінің бірі. Нәрісте  шыр етіп дүниеге  келгеннен  бастап ,ата- ананың  аялы алақанына, мейірім – шапағатына  бөленеді ата–ананың мейрімді жүзі ,жылы жүрегі, ыстық  құшағынан балаға  дүние 

есігі   ашылады , оның  дүниетанымы , өмірді білуі  осыдан басталады. Бала  тәрбиесі туралы айтқан  педагог Сухомлинский  өзінің «Павыш мектебі» атты  еңбегіңде «Отбасы – барлығының  басы , баланың  жеке басының жан – жақты дамуының негізгі болып табалатын тәрбие институты.Отбасындағы ата –ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас нәтижесінде адамгершілік ,эстетикалық, дене

тәрбиесінің алғашқы  үлгісі қалыптасады.Ал, әке мен ана ,ата мен әже, апа мен ағалар сәбидің ең  алғашқы тәрбиешілері» деп жазған екен.Отбасы қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан  оны нығайту ,тәрбиелік мәдениетін арттыру қоғамның басты назарында болу керек деп ойлаймын. Баланы болашақ өмірге

,белсенді енбекке даярлауда ,оның ақыл – ойы , адамгершілік – эстетикалық сезімдерін ,логикалық ойлау қабылетін қалыптастыруда -балаға құрметпен қарау  қажет. Баланың қажеттілігі  мен қызығушылығын түсіне білу -  ата-ананың, тәрбиешінің басты міңдеті.Балабақшаның  басты міндеттерінің бірі- бүлдіршіндердің ой-өрісің ,іс –қимылын жан –жақты дамыту.Негізінде баланың логикалық ойлау  қабілеті

дегеніміз –қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады десек

қателеспейміз.Өйткені бала сөйлей  бастасымен,өзінің мекен –жайын ,телефон номерін жаттай бастайды.Міне ,сан,санау осыдан басталады.Оны жүйелі түрде шыңдау –ата- ана мен тәрбиешінің , баланы қоршаған адамдардың басты міндеті.Сезім тәрбиесі –түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы.Сәбилік шақтық алғашқы күндерінен бастап – ақ,бала өзін қоршаған заттардың қасиетін түсінүге талпыныс жасай бастайды.Осыдан баланың заттарды қабылдайтын көру дағдысы оянады.Бұл кезде затты танып –білу үшін бүлдіршіндер оның түр –түсіне мән бермейді,заттың құрылымына көңіл бөледі.Сондықтан бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесін шыңдау үшін ,олармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде біздер  бір-біріне киілетін ойыншықтарды және геометриялық пішіндерді қолданамыз.Мысалы:матрешкалар

,бір- біріне киілетін ойыншықтар,баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған дамытушы ойындар.Бұлар – бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесінің сезім мүшесінің дамуына,айналадағы болмысты танып- түсінуіне әрекет жасап ,логикалық ойлау қабылетін жетілдіруге үлкен  үлес қосады.Педагогика және психология зерттеулері бойынша ,балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін –өзі сезінуінің алғашқы сатысы ,демек ,адамгершілік қасиеттері, ақыл- ойы ,логикалық және басқа да қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады. Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудың,заттарды әр түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың,көру арқылы салыстырудың,қиялдаудың,жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор.Өйткені жасыры тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлау табу баланың ми қыртыстарының жұмысын

шындайды.Яғни, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады.Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше.Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі , әрі түсінікті болу керек.Сұрақтар қоя білу –қиялдаудың ең жоғары сатысы және нәтижелі ойда негізгі рөл атқарады.Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс – әрекетін және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін ,әсерлерін,жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады.Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды.Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды. Міне,осыдан баланың логикалық ойлау ,қиялдау қабілетті шындалады,дамиды.Бұл қазіргі заманға өте қажет.

 

 

 

 

 

                

Просмотров: 577


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст