https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
Арқан тарту
Ойының шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқаның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.
Күш сынаспақ
Ойының шарты:Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. Екі бала шынтақтарын үстелге тіреп қойып, қолдарының бастарын айқстырады. Кім білекті үстелге жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш уымен
аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып, 2-ші қолмен білектен
сынасуға да болады. Бірақбаланың кауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Көтермек
Ойының шарты:Ортаға екі ойыншы бала шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Белгі бойынша кім бірінші болып бірін -бірі арқада көтеріп алса, сол бала жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де
басқа балалармен бірге күш сынасады.
Ат жарыс
Ойының шарты:Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. Балалар тірбиешінің "Алға" -деген белгісі
бойынша, ат үстіндегі қимылын салып жарысады. Қай команда мәреге тез жетіп бітіреді. Сол команда жеңімпаз болады.Ат кескін бет пердесін тақымға қысып мәреге шауып жету.
Қыз-қуу
Ойының шарты:Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды ағаш атпен қуады.Бала қызға жетіп қолынаң ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала женіске жетеді