https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл– ойын дамыту, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың құралы– ойын әрекеті. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады.Ойын баланы теқ қана қызықтырып қоймай, балаға берілетін білім мен тәрбиеның құнды негізі болуы керек. Біздің негізгі міндетіміз– оқыту мен тәрбиежұмысын бағдарламаға сәйкес ойын ретінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру барысында әртүрлі әдіс – тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану арқылы баланың логикалық ойлау қабілетін арттыру: а) логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тесттік тапсырмалар, ертегі негізіндегі тапсырмалар, т.б.) түрлендіре қолдану; б) балалардың талаптану өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойын еркін жеткізуге бейімдеу; в) көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу; г) психологиялық ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау. Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда ойын арқылы математикалық диктант жазудың,заттарды әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың,көзбен көру арқылы салыстырудың, жұмбақ жасыру мен шешудің маңызы зор. Өйткені,жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу бүлдіршіндердің логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойлау операцияларын меңгерген бала зерек бола бастайды. Анық және нақты ойлауды үйренеді. Уақытында ойын жинақтап, тез арада шешім қабылдап және басқаларды өз ойының дұрыстығына сендіре алады. Математика сабағында баланың ойлау белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын арттыруда логикалық ойындарды қолданудың маңызы зор. Баланың ой- өрісін дамытуда логикалық ойлау оң әсерін береді. Сонымен бірге логикалық тапсырмаларды орындаған кезде ойлау қабілеттері арта түсіп, сабақта баланың зерікпеуіне көмектеседі. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский
« ойынсыз, логикасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәтіндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды» дейді. Логикалық ойлау өз бетінше шешім қабылдауға, түрлі тапсырмаларды орындауға үйретеді. « Ой – ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін ойынның маңызы зор.Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алудан нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеру керек. Сабақ барысындағы ойын балаларды шабыттандырады. Кейін әдістемелік бөгеттерден өту оңай болады. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытатын логикалық ойындар:
Қоршаудың артында төрт құлағы көрініп тұр. Қоршаудың артында неше қоян тұр?
(екі).
Ақ қайында үш алма пісіп тұр, ал еменде екі алма пісіп тұр. Барлығы неше
алма пісіп тұр?(ақ қайында және еменде алмалар өспейді).
Мен тастап кеткен санды ата: 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10 (4)
Мен тастап кеткен апта күндерңн ата: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма,
сенбі, жексенбі ( бейсенбі).
Артық сөзді ата: а) қыс, көктем, сәрсенбі, жаз, күз;
(сәрсенбі). б) таңертең, түс, қыс, түн, кеш;(қыс). в) 1, 2, шеңбер, 3, 4, 5;(шеңбер). г) алу, қосу, жұма, тең;(жұма). д) шеңбер, үшбұрыш, желтоқсан, сопақша;(желтоқсан).