https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
«№1 «Қарлығаш» сәбилер-бақшасы» МКҚК –да Мектепке дейінгі мекемелер онкүндігіне орай мемлекеттік тілінде оқытатын ортаңғы топта «Қазақ ұлттық ойындары» тақырыбы бойынша ойын-сауық өткізілді. Іс-шараның мақсаты:балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, достыққа ,бірлікке баулу, денені шынықтырып,ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Іс-шара уақытында балалар орыс тілі мұғалімі Кәрімова Ғалия Қабдоллақызымен бірге қазақ ұлттық ойындарын ойнады «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Күш сынаспақ», «Көтермек». Ойын-сауыққа балалар белсенді қатысып,қызығушылықтарын білдірді.