Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Консультация для родителей

17.01.2017

«Тәрбиеші-бала  бойына  білім нәрін себетін басты тұлға» Копбаева Ж.Ж. № 1 «Қарлығаш»  сәби-  балабақшасының  тәрбиеші.

Біздің басты қызметіміз баланы тәрбиелеу. Балабақшадағы бала  тәрбиесі-бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы  мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап,болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.Біз балабақшаға келген баланың 

тәрбиесіндегі кемшін қалған тұстарын жетістіріп, оны дене және ой еңбегіне үйретуге,күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге баулимыз,адал болуға тәрбиелеп , жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету арқылы бойында жастайынан  мәдени құндылықтар  мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға тырысамыз. Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы. Жеке адамның  бойындағы ар-ұяты , ақыл-ойы, адамгершілігі,басқа адамдармен қарым-қатыныста болуы, мәдениеттілікке тәрбиелеуде отбасы алғақы қадам.   Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі-бала. Ата мен ана-бала тәрбиесінің қамқоршысы,өнегесі. Ата-асқар тау, Ана-бауырдағы бұлақ, Бала жағасындағы құрақ,-деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалы өте орынды айтылған.Өйткені отбасындағы ең басты тұлға-ана.Сол үшін ата-аналармен қатар тәрбиешінің жұмысы-балабақшада әр балаға қолайлы жағдай жасау,тәрбие мәселесінде еркіндік беру.Демек,бала нәзік, ал бала тәрбиесі одан да нәзік.Ол жан-жақты ойлануды, жанашырлықты, ізденімпаздықты қажет етеді.Бала тәрбиесі жас шыбық тәрізді, қалай исең,солай қарай иіліді. «Адамды адам ғана тәрбиелей алады»-деген қағида кімге болса да басшы болуы тиіс.Өз қара

басым  бала тәрбиелеуде өзімді ұстамды,төзімді болуға тәрбиеледім.Өйткені әр балаға жеке тұлға ретінде қарау

керек.Балалармен балаша ойнап, бала сияқты ойланып, психолог болу қажет.Тәрбие жұмыстарында,оқу үдерісінде баланың көңіл-күйіне,жан дүниесін түсінуге әрекет жасау керек. Тәрбиеші өзін жинақы,тіл байлығы күшті,мәдениетті тұлға ретінде көрсете білсе,бала да балабақшада жақсы тәлім-тәрбие алады. Балабақшадағы бала-ойын баласы.Сол  үшін тәрбиеші балаға үйретер санамақтарды,ойындарды,тақпақтарды,ертегілерді жатқа білуі қажет. Балаларды жаман,жақсы деп бөлуге болмайды.Әр баланың көрінбейтін бір өнері болады, тек соны тәрбиеші уақытында көріп,сыртқа көрсете білуі керек. Тәрбиеші деген сөз-алдымен баланы тәрбиелейтін адам,сосың білім беретін ұстаз. М.Монтессори педагогикасының түсіндіруінше,баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі-оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Мен тәрбиеші маман ретінде балаларға сабақты ойын түрінде өткізуге талпынамын, өйткені ойын барысында бала өзіне қойылған рөльді үлкен жаупкершілікпен қабылдайды, өздерін

бір уақыт ересектер санатына қосады. Балабақша әр үйдің «еркесі», әлпештеген ұлы мен қызы тәрбиеленетін орын.Мұнда олар таңертең ерте келіп,кешкілік қайтады.Тәрбиеші оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап,жаңа заман талабына сай,озық дәстүр ұлттық рухында тәрбиелеп сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса,игі нәтижеге жетуі сөзсіз.Педагогикалық үрдісте бала өз бойындағы табиғи дарыннын ашады. Бала-келешек,бала-үміт,бала-өмірдің жалғасы.Сол себепті де балаларды тәрбиелеу- баршаның ісі.

Просмотров: 469


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст