https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік
алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді». Балалар ойында адамдардың белгілі қылықтарын, жеке ерекшеліктері мен өзара қарым-қатынастарын бейнелейді. Бірақ мұның бәрінің тасасында әлі баланың өзінің жеке басының шын қасиеті мен сапасы тұрған жоқ. Мысалы: ойында ақпейілділік пен қамқорлық көрсетуді талап ететін рольді ойнап тұрған бала өмірде кейде өзімшіл және дөрекі болуы мүмкін. Міне, сондықтан да ойынға оның жоғары тәрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық басшылықтың болуы өте маңызды. Ойынды таңдап алудың елеулі маңызы бар. Оған күнбе-күн басшылық жасай отырып,тәрбиеші әрбір баланызерттейді, балалар бірлестіктерін, қалыптаса бастағанойын коллективтерін ашады. Оның қайсы бір топтанудың пайдалы немесе зиянды екенін бағалауға, балаларға белгілі дәрежеде ықпал жасау қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндігі болады. Мектепке дейінгі сәбилер әлі ойнай білмейді. Нақ сондықтан да тәрбиеші ойынды ұйымдастыра жүріп, оларды ойнауға үйретеді. Балалар ойынды игеріп, ойыніс-әрекетінен жеткілікті тәжірибе алған соң, ойын өз бетінше істелетін әрекетке айналады, олардың өздерінің ұйымдасуына негізделеді. Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар коллективін топтастыруға күш салу керек. А. С. Макаренко ойынның балалар өмірін
ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауғатиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім». Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ол ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады. Дидактикалық ойын сонымен бірге кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады.Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындар жасаған халық педагогикасында жатыр. Күлдіргіштерде, ойын өлеңдерде, «Алақай-ау, алақай», «Ала қанат сауысқан» саусақ санау ойындарында анасы баласының назарын қоршаған заттарға аударады, соладың аттарын атайды. Дидактикалық ойынның зор маңызы балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсенділігін дамытатындығында. Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»деген ойында ересектер тобы тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету,
олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту мақсатын алға қояды. Ойын мақсаты –қалпақтың астында не бар екенін білу. Бала дұрыс тапса мадақтау белгісін алады.Педагог ойынға қатысушы ретінде бірінші қалмақты көтеріп, оның астындағы ойыншық туралы айтып береді, оны сипаттаудың үлгісін көрметеді. Ойын мақсаты кейде ойын атының өзінен көрініп тұрады: «Ғажайып дорбаның ішінде не бар екенін білейік», «Кім қай үйде
тұрады», т. с. с. Ойын әрекеттері арқылы ойынға ықылас, ойынт міндетін орындау
тілегі күшейе түседі. Ол әрекеттер неғұрлым алуан түрлі, мазмұндырақ болса,ойынның өзі балалар үшін соғұрлым қызықты болып, танымдық және ойын міндеттері соғұрлым жақсы шешіледі. Ойын әрекеттерінің көлемі де әр түрлі.
Төменгі топтарда – бұл көбінесе (бір-екі рет) қайталанатын ірекеттер болса,жоғары топтарда – бес-алты қайталанады. Дидактикалық ойын элементтерінің бірі –ережелер. Ережелер оқыту міндеті мен ойын мазмұнына қарай белгіленеді және, өзтарапынан, ойын әрекеттерінің сипаты мен тәсілін белгілейді, балалардың мінез-құлқын, тәрбиеші мен балалардың өзара қарым-қатыеасын ұйымдастырады және бағыттайды. Ережелердің көмегімен ол балалардың өзгеріп тұратын жағдайын бағдарлау, тікелей өз талабын тежей білу, эмоциялық-еріктік күш жұмсау қабілетін қалыптастырады. Осының нәтижесінде өз қимылын басқара білу, оны басқаойнаушылардың іс-әрекетімен үйлестіру қабілеті дамиды. Тәрбиеші ережелерді абайлап пайдалануға,олармен ойынды тоғытып жібермеуге, тек қажеттілерін ғана қолдануға тиіс. Көп ережені енгізу, балалардың оларды амалсыз орындауы теріс нәтижелерге соқтырады.
Шамадан тыс тәртіптендіру балалардың ойынға ықыласын төмендетеді, тіпті ойындыбұзып та жібереді, ал кейде ережені орындамас үшін қулық жасауға итермелейді. Ережені еске салудың немесе қосымша ереже енгізудің қажеті жоқ кездер де болады. Ойын әрекеттерін сәл ғана өзгертіп, сол арқылы ойын барысын түзетіп жіберсе, жетіп жатыр. Тәрбиеші белгілейтін ойын ережелерін балалар бірте-бірте меңгереді. Соларды бағдарлай отырып, олар өзінің және
жолдастарының ойын үстіндегі әрекеттерінің, қарым-қатынастарының дұрыстығынбағалайды. Ереженің бұзылуына наразылық білдіргенде балалар: «Ол ереже бойынша ойнап тұрған жоқ»,-дейді. Дидактикалық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болсын әйтеу бір ұтып шығу емес, балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктері дәрежесінің
көрсеткіші. Ойын міндеттері, әрекеттері, ережелері,нәтижесі өзара байланысты, сондықтан осы құрамдас бөліктердің тіпті біреуінің жоқтығы да ойынның тұтастығын бұзады, оның тәрбиелеуші және үйретуші ықпалын
төмендетеді. А. В. Запорожец дидактикалық ойындардың ролін бағалай келіп, былай деп жазады: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдер мен іскерліктерді игерудің формасы ғана болып қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілеттерін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет». Дидактикалық ойын адамгершілік тәрбие міндеттерін шешуге, балалардың көпшілдігін дамытуға көмектеседі. Тәрбиеші
балаларды олармен бірге ойнай білу, өз мінез-құлқын реттеу, әділ және адал болу, кешірімді және талапшыл болу қажет етілетін жағдайға қояды.Дидактикалық ойындар: «Қажетті суретті тап», «Пішіні ұқсас заттарды тап», «Нені
қайдан алуға болады?», «Сен нені ұнатасың?», «Телефон», «Мен не дедім?», «Кім көп сөз ойлады?», «Жасырылған затты тап», «Кімге не керек?», «Қажетті сөзді ойлан».
«Сен нені ұнатасың?» Ойын жабдығы: Көкөністер мен жеміс суреттері. Ойын ережесі. Көкөністер мен жеміс
суреттері салынған суретті карточкалар тақтаға ілінеді. Үстел үстінде көкөніс,жеміс суреттері аралас жатыр. Шақырылған бала өзіне ұнаған жеміс не көкөністерді танып алады да қалтаға салады. Қайда өсетіні, түсі, пішіні, дәмі
туралы сипаттап айтады.