

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
Ұйымдар тізімі
27.04.2026
Мектепке дейінгі ұйымдардың онкүндігі аясында, сондай-ақ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында №3 ЖББМ мектепалды сыныбының мұғалімі Бочкарева А.М. мен бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова А.Б. қатысуымен «Балдырған» мектепалды тобында «Қызықты қазақ тілі» тақырыбында мазмұнды әрі танымдық ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Аталған іс-әрекет барысында педагог заманауи әрі тиімді әдіс-тәсілдерді шеберлікпен қолдана отырып, тәрбиеленушілердің тілдік қорын дамытуға, ойлау қабілетін жетілдіруге ерекше көңіл бөлді. Балалар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Іс-шара қорытындысы бойынша мұғалімдер педагогтың кәсіби шеберлігін, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін жоғары бағалап, тәрбиеленушілердің оқу дағдыларының жақсы қалыптасқанын, сондай-ақ балалардың мектепке дайындығының жеткілікті деңгейде екенін атап өтті.



