«Ұлттық құндылық – тіл».
14.09.2026
Балабақшамызда Тілдер онкүндігінің аясында «Ұлттық құндылық – тіл» тақырыбында педагогтар арасында танымдық әрі қызықты сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс барысында педагогтар өздерінің тілдік білімін, шығармашылық қабілетін, тапқырлығы мен шапшаңдығын ортаға салды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған қызықты тапсырмалар орындалды.
Мақсаты - педагогтердің қазақ тіліне деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, тілдік сауаттылық пен шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжым арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту.
Тіл – ұлттың жаны, ұлттық құндылықтың негізі!




Просмотров: 135