Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбиеші болу-бір бақыт!

30.09.2021

Тәрбиеші болу-бір бақыт!

   Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі — мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Исасиитова Роза Кайрушевна сол мамандық тандаудан шатаспаған адамдардың бірі болып табылады. Роза Кайрушевна 29 жыл бойы тәрбиеші мамандығының жолымен келе жатыр, ал  2001 жылдан бастап «Қарлығаш» бөбекжайында қызмет етеді. Роза Кайрушевна нағыз маман иесі өзінің жауапкершілігімен әр сабағына жан-жақты ізденіп, мұқият даярланып отырды. Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін дидактикалық үлестірмелі материалды, көрнекіліктерді, қызықты ойындарды тиімді кеңінен қолданады. Осы мақсатта әрбір сабағын ізденіс түрғысында өткізіп, бүгінгі әдістемелік талаптарға сай өткізді. Мінезі ашық, кішіпейіл, іскер, адамгершілігі мол, ұйымдастырушылық қабілеттілігі жоғары. Өз жұмысына ынталы, ұқыпты, балалармен тіл табысып, ата-аналармен тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынас жасай алатын маман. Балабақша ішіндегі өткізілген мерекелік шараларға қатысып, өз үлесін, шығармашылығын, оз ойын қосып отырады. Роза Кайрушевнаның мінезі салмақты, жұмысқа жауапты, әр бастаған ісін соңына дейін жеткізіп, нәтижемен аяқтайтын маман. Роза Кайрушевна жас мамандардың быраз жыл бойы тәлімгері болып келеді. Роза Кайрушевнаға көптен-көп алғыс білдіріп, алдағы уақытта деніңізге саулық, отбасыныздың амандығын тілей отырып, рахмет айтамыз!

 

Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст