Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эссе «Тәрбиеші жақсының ұстамы жақсы»

25.10.2021

«Тәрбиеші  жақсының ұстамы жақсы»

 

Нағыз тәрбиеші болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, тәрбиеші  болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. “Ұстазды алтын діңгекке теңер едім”, – деп ұлы педагог

Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы –  қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.
Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік.  Солардың бірі ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған, менің  тәрбиеші – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Тәрбиеші – балалар үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол бала жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.

 

Ұстаздар –ұлағатты асыл жандар,

Жүзінен нұрлы шуақ шашылғандар.

Шәкірттерін баласындай көреді,

Ұстаздарға бас иіңдер, адамдар!-деген өлең жолдарында бала  үшін орны айрықша екені көрініп-ақ тұр. Ұстаз – бала жанының бағбаны, шамшырағы. Сол кісілер арқылы ғана көзі ашылып, білім нәрімен сусындап, әлемге көз сұғады.  Менде  тәрбиешілердің  ұшан-теңіз еңбегінің арқасында көптеген белестерді бағындырдым.

 «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, тәрбиеші тәрбиесі мен өнегесі баланың  болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұстаз бен шәкірт арасында кіршіксіз махаббат болса, алынбайтын асу, бағындырмайтын қамал болмасы анық. Бұл салада жұмыс жасау мен үшін үлкен мәртебе. Ендігі мақсатым осы саланың шыңына жетіп, туған еліме, жеріме адал қызмет етіп, жағымды жаңалықтармен ғана елімізді қуантқым келеді.

Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі, қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-тәрбиеші. 

Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіруді аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін.Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес.

Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.
Екінші, ең бастысы, тәрбиеші шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана тәрбиеші өз мәртебесін көтере алады.
Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету – ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.

тәрбиеші : Баймагамбетова К.О

Просмотров: 413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст