https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
«Түрлі –түсті тоқыма шарлар»
Тақырыбы: «Түрлі- түсті тоқыма шарлар»
Мақсаты: Балаларды шарлардың түстерімен,пішіндерімен таныстыру.
Дамытушылық: Баланың танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Балаларды достыққа,әдемілікке,әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Түрлі- түстітоқыма шарлар, Фребеля дарынды жасалған түрлі түсті тоқыма шар шарлар.
Көрнекі құралдар: Бейне таспа, күн кейіпкер.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,сергіту сәті,дидактикалық ойындар,тақпақ.
Билингвальды сыңары: Тоқыма шарлар-шарики, қызыл-красный,сары-желтый,жасыл-зеленый.
Оқу әрекет кезеңі: Мотивациялық қозғаушылық.
Тәрбиеші:Сәлеметсіңдерме балалар?
Бүгін менмен «Күн» қонаққа келді, қанекей бәріміз бірге амандасайық
Бaлалар: Сәлеметсізбе!
-Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біздің топқа көптеген қонақтар келіпті,қане қонақтармен сәлемдесейікші?
Балалаp.Сәлеметсіздерме!
Шаттық шеңбері.
Кел балалар күлейік
Күлкімен түлейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік
-Жарайсыңдар,балалар көңіл-күйлерің қалай жақсыма?
Балалар: Жақсы!
-Осындай көңіл-күймен орнымызға отырайық.
Ұйымдастырушық ізденістік
(Балалардың көңілін сиқырлы қорапшаға аудару)
-Балалар бізге Күн өзінің тоқыма шарларын алып келді.
Қанекей тоқыма шарлармен танысайық?
«Қызыл,сары,көк шар,
Қолымызда көп шар»
-тоқыма шарлардың түстері қандай?
-Бaлалар: Қызыл,сары,жасыл көк!
-Пішіндері?
-Балaлар: Дөңгелек!
-Қане шарларды санайықшы?
-Балалар: 1,2,3,4
-Тоқыма шарларды ұстап көрейік, шар жеңіл болады,түстері әртүрлі болады екен.
-Балалар бүгінгі оқу қызметіміз «Түрлі -түсті тқыма шарлар» болмақ.
Билингвалды сыңары: Тоқыма шарлар-шырстиные шары қызыл-красный,сары-желтый,жасыл-красный.
Бaлалар: Бірге қайталайды!
Бaлалар: Сиқыршы!
Тәрбиеші: Күн! бүгінгі біздің оқу қызметіміз «Түрлі-түсті тоқыма шарлар» еді.
Күн: Өте жақсы олай болса мен сендердің білімдеріңді сынап көрейін.
Бой сергіту жаттығуы
«Қызыл добым қызғалдақ
Сары добым сарғалдақ
Жасыл добым жайлауым
Балалар тыныс алу жаттығуын жасаймыз.(Шеңбер бойымен тұрып, ауада қолдарына ұстап тоқыма шарды үрлейміз)
Балалар қолымызға алып тоқыма шарды торбетіп көрейік, оны секіртіп көрейік және онға, солға созайық, тоқыма шар баяу айналады
Тоқыма шар жасырып қалды?
Кімде қандай түс?
Алақанға салып айланлдырайық?
Пішіні қандай?
Гиометриялық пішіндер құрастырайық?
Шарты:Балалар текшеде тұрған түстерге қарап шарларды түсіне қарай орналастырамыз.
—Балалар: Түсіне қарай орналастырады.
«Түсіне қарай орналастыру»
-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
Балалaр: Күн!
-Балалар қандай түсті шарлар мен таныстық?
Балaлар: Қызыл,сары,жасыл, көк.
-Сендерге оқу қызметі ұнадыма?
Бaлалар:Иә,ұнады!
-Балалар жарайсыңдар бүгін сендер оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.
мен сендерге сиқыршының берген сыйлығын табыстайын.
-Балалар қонақтармен қоштасып, сау болыңыздар дейміз.
Балалар: Сау болыңыздар!
Күн:Рахмет балалар, меніңде сендерге арналған сыйлығым бар,соны сендерге табыстайын.
Дидактикалық ойын:балалар өзбетімен ойынды құрастыруға кіріседі
Үлгі бойынша тоқыма шардан гиометриялық пішін жаса
Тәрбиеші: Баймагамбетова К.О