Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының "Қарлығаш "бөбекжайы" МКҚК қызметінің 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

28.02.2022

 

               Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының "Қарлығаш "бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметін "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

             Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілген, онда қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

              2021 жылы Атбасар қаласының "Қарлығаш"бөбекжайында барлық қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 3, электрондық нұсқада - 85, қағаз нұсқада – 0.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

-Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.

         Сондай-ақ, балабақшада ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

         2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст