https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
Қазақстан-туған өлкем
Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан.
Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым.(1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғыз (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт өкiлдерi тұрады. Астанасы - Астана қаласы.
Қазақстан - 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы - Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады.
Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделееев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70 бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.
Қазақстан республиканы әлемнің ірі мұнай өндіретін мемлекеттерінің қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін батыс өңірінде шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай қорларына ие.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Сондықтанда оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол 1993 жылы 15 қарашада «теңге» болып қабылданды.
Тажина К.С. Қазақ тілі мұғалімі