https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
«Қарлығаш» бөбекжайында» №1 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес жұмысының басында бөбекжай меңгерушісі Ковалева Р.Т. топтардың оқу жылының басына дайындығын қорытындылады. Педагог-психолог Мұхамеджанова Р.И. эмоциялық жайлылық атмосферасын құру және мұғалімдерді жазғы демалыстан кейін, жұмысқа дайындау үшін мұғалімдермен бірнеше жаттығулар өткізді. Бөбекжайдың әдіскері Мендыбаева Л.О. мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен стандарт бойынша түсіндірме жұмыстарын, мониторинг жұмыстарын жүргізді,және балалардың құзыреттілігін дамытуда балабақшаның жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмысын қорытындылады. Педагогикалық кеңес нәтижелі және қызықты өтті.