Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша-тәрбие мен білімнің бастауы

10.12.2020

Балабақша-тәрбие мен білімнің бастауы

Отбасы – әлеуметтік қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Кез келген ата-ана өз ұрпағының қалыпты дамып, оның көп нәрсеге қәбілетті болып өскенін қалайды. Ал оның тәрбиелеу өз алдына күрделі әрі өте жауапты дүние. Себебі, бала тәрбиесі ата-ана мейірім жылуымен ғана емес, оның ақыл кеңесімен тығыз байланысты.

Балабақша келешек азаматтарды тәрбиелейтін шағын институт. Балғындардың шаттық күлкісіне толы бұл мекенде тәрбиеші-педагогтар баланың тәрбиесімен қатар оның дамуына да даңғыл жол салады. Себебі, балабақшада бала бойындағы ерекше қабілеті байқалады. Баланың алғашқы қылықтары көрініс тапқан сәттен бастап оның дамуындағы ерекшеліктерді назарда ұстаған жөн. Сондай-ақ, көпшілік ортаға тез үйренісіп, адамдармен тіл табысуға да балабақшаның берері мол.

Әлем бойынша 40 мыңнан астам мамандық иелері жұмыс жасайды десек, солардың ішіндегі ең ауыр әрі жауаптысы ұстаздық сала. Баланың өмірге жеке тұлға ретіндегі алғашқы қадамдарын жасап, оған бағыт-бағдар беру жолында тәрбиешілердің еңбегі өлщеусіз. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарайтын тәрбиеші-педагогтар түрлі мінезі бар балалардың тілін тауып, олармен жүйелі жұмыс жасайды.

Балабақшада тәрбиеленген бала белгілі бір тәртіпке дағдылана бастайды және оны заңдылық ретінде қабылдап, өзін бейімдейді. Мәселен, бала біріншіден күн тәртібіне бағынады. Уақытылы ас ішу, ойнау, теледидарды өз уақытымен көру, түскі уақыттта ұйықтау секілді дүниелерді әдетіне айналдыра бастайды.

Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі. Бала өсіп келе жатқан шыбық секілді екені рас. Оған алдыңғы бунның әрбір әрекеті дұрыс дүние секілді көрінеді. Қалай баптайсың, соның жемісі өзіңе қайтады. Сол себепті әрбір тәрбиеші-педагог оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек деп есептеймін.

 

Мукашова А

№1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі

 

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст