https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология негіздері
Тақырыбы: Мөлдір су
Мақсаты:
1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.
2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.
3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: тәжірибе жасап көрсету, түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ойын.
Көрнекіліктері: су,қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер және т.б
Жылулық шеңбері
Самал жел бізді желдетші,
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.
Балалар іс – қимылдар жасайды. Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
Дәміде жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді?
-Дұрыс айтасыңдар арине.
Суды адамдар не үшін пайдаланады? Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? Ал судың пішіні болады ма (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар!
Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын? (балалардың жауаптары тыңдалады)
Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.
Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды. Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше тәжірибелер жүргізіп көрейік.
I Тәжірибе «Су — мөлдір»
● Балалардың алдына шыны ыдыс тұрады: қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қарандаш көруге болады, ал бояу тұрған ыдыстан қарандаш көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, бояу болған су мөлдір емес».
● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.
II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»
● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.
III Тәжірибе «Судың иісі жоқ»
● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық,
Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.
I Сыйқыр (фокус) көрсету:
Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)
Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!) ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады.
Сабақ қорытынды: Сонымен балалар, бүгінгі сабақта не туралы айтылды? Су қайдан пайда болады екен? Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық? Балалардың жауаптары тыңдалады.