https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings
Наурыз –жыл басы, көктем мейрамы.Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы,Ұлыстың ұлы күні.Ел оған сағынып жетелі. Наурыздың 22-күні күн мен түн теңеледі. Табиғат оянады. Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады,дастарқан жайылады.Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды,қыстан қалған азықтарын әзірлеп қонақтарды күтеді. Наурыз таңы атқанда қазақ халқы той жасайды,тойда үлкендер де,жастар мен балалар да өз
өнерлерін ортаға салып би билеп,ән салады.Әр түрлі ойындар ойланады,салт-дәстүрлер көрсетіледі. Осы мерекеге
орай біздің балабақшада «Армысың,Наурыз» атты үлкен той өтті.Салтанатты зал шарлармен, әр түсті шамдармен безендіріліп , көңілді әндер қойылды. Әр топ өз өнерін көрсетті. Балалар мерекеге сай әуен ырғағымен залға кірді. Ертеңгілік басында тәрбиешілер қонақтарды құттықтап, Наурыз туралы түсінік берді.Орыс тобының балалары қазақ тілінде тақпақ ,ән айтып, би биледі. Қандай мереке ойынсыз? Өзге ұлт балалары қазақ ұлттық ойындарын ойнап
«Арқан тартыс», «Қыз қуу», «Күміс алу», «Хан талапай» біраз көңілдерін көтерді. Қазақ тобының ертеңгілігі ерекше өтіп көрермендерді қызықтырды.Ертегі сахналау арқылы тәрбиешілердің көмегімен балалар Наурыз белгісі қызғалдақты батырлармен бірге жалмауыз кемпірден құтқарады.Сонымен қатар балалар өзге ұлттардың киімдерін
киіп билерін биледі – қазақ,орыс, өзбек, грузин, украин. Мереке соңында дәстүр бойынша қонаққа әже келіп шашу шашып, барлығын Наурыз мерекесімегн құттықтады. Наурыз – бақыттың бастамасы,ұлылықтың ұйтқысы,жақсының жаршысы,ынтымақтыңбелгісі,өмірге нұр сыйлаған,сезімге гүл сыйлаған,халық қастерлейтін күн. Осы қасиетімізді
сақтап,жас ұрпаққа жеткізіп,сіңіретін біздің міндетіміз. Осындай үлкен шаралар балаларды халқымыздың салт-дәстүрін
бойына сіңіріп ,құрметтеуге үйретеді, достыққа, бірлікке тәрбиелейді.Қазіргі заманда ол өте маңызды мәселе.