ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбиеші – байырғы мамандықтардың бірі.

Тәрбиеші-ұстаз

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Мәриям Хакімжанова

Тәрбиеші –жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.
Тәрбиеші – байырғы мамандықтардың бірі.
Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды. Ежелгі Шығыс елдерінде тәрбиеші негізінен (дін иелері) болатын. Капитализм дәуірінде мектеп ісінің дамуына байланысты ұстаздық кәсіп кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша ұстаздық өз алдына мамандық болып танылды.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін халық ұстаздары толық правосын алып, өзінің басты мақсатын коммунистік тәрбие мүддесіне бағыттады.
Қазақ ұстаздары өзінің өсу және толысу жолын мол қамтитын жас ұрпақты тәрбиелеу, мәдени революция міндеттерін өтеу жұмысына белсене кірісті. Осы биік мақсаттарға сай оның беделі барынша арта түсті. Коммунистік партияның әр кезеңде ұстазға деген қамқорлығы, оның беделін өсірді, педагогикалық тәжірибесін жетілдірді. Біздің елде арнаулы “ұстаздар күні” белгіленген. Олар ордендермен, медальдармен марапатталады. Арнайы ұстаздардың білімін жетілдіру институттары ұйымдастырылған. Көптеген арнайы газет, журналдар бар.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.
Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.
Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – ҰСТАЗ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, ұстаздың де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – ҰСТАЗ.

            Құрастырушы: Кабдулина Б.Б

Жаңартылған күні: 08.10.2020 21:18
Құрылған күні: 08.10.2020 21:18

Текст