ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып жазбалары

«Балалар — біздің болашағымыз»

Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзі нен ересек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі  аздық  етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі  балабақшаның  орны ерекше. Себебі, бала бақшаға баратын бала қоғамда  өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан- жақты жетіледі.

 «Балалар — біздің болашағымыз» . Сондықтан балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отырмай, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- бабаларымыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады. Балабақша, одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын. Ата-аналар таңертең бізге балаларын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі аманаттап бізге сеніп тапсырып кеткен балаларға жауапкершілікпен қарамауға болмайды. Балалар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ. Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» — деген тамаша сөз бар. Бұл — мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шынында да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп келген алғашқы сәттен басталуы керек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Ендеше, жас сәбиді алғашқы күннен бастап тәрбиелеу керек. Әрине, баланың тәрбиесі отбасынан басталады. Дегенмен, тәрбие ретінде балабақшаның да алатын орны ерекше. Қазақтың проблемасы балабақшадан басталады. Балабақшаның санын көбейту керек.

 

 

Жаңартылған күні: 26.05.2020 23:21
Құрылған күні: 18.01.2022 20:19

Текст