ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Төрлет, Жаңа жыл!» "Қонырау" Ересек топ

      «Төрлет, Жаңа жыл!»     "Қонырау"     Ересек  топ 

                                                   

(Балалар көңілді әуенмен топқа кіреді)

«Силықтармен би»

Жүргізуші: 

Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой!

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!

Жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны,

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер, балалар мен ата-аналар, құрметті қонақтар!

Жүргізуші: Балалардың жаңа жылға арнаған тақпақтарын тыңдаймыз. 

Нурасыл : Келді тағы  Жаңа жыл.

                  Қуантумен біздерді

                  Құтты болсын, Жаңа жыл!

                  Құттықтаймыз сіздерді!

Әділ : Қол ұстасып, құшақтасып

          Үйренейік жаңа жыр!

           Құтты болсын, құтты болсын!

           Құтты болсын, Жаңа жыл!

Санира : Әдемілеп біз ілген

                  Ойыншықтар тізілген

                  Қандай сұлу шыршамыз!

                  Ән шырқайық баршамыз.

Ерсултан : Тілеймін мен бар әлемге,

                 Дос көп болсын жанашыр.

                 Әке шеше, ата әже.

                 Құтты болсын, Жаңа жыл!

Самира : Тауда туып, тауда өскен

                 Шырша келді ортаға

                 Қандай жақсы шыршамыз

                 Ән шырқайық баршамыз.

Байдаулет: Қуантып елді

             Жаңа жыл келді

             Өсетін болдым

             Бір жасқа енді.

Ән: «Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Би билейік бәріміз.

Келіңдер балалар мерекемізге арнап би билеп берейік.

Би: «Үлпілдек қар »

Балалар орындыққа отырады

(Музыка ойнап Аққала кіреді.)

Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Мен Аққала,Ақдана

Қардан соққан бар бала

Шаршамаймын ,талмаймын

Шырша тойын тойлауға

Келдім мен де қуана

Бастайық қызық думанды

Шыршаны шыр айналып

Жүргізуші: Рахмет саған Аққала ,қыс қызығы өзіңсің,

Ән шырқайсың, құр қалма

Бар баламен қуана

Жасыл шырша жанында

Ән: «Шырша»

Аққала: Жарайсындар балалар ,ұнады маған .Билерің тамаша екен.

-Ал енді бірге бір ойын ойнап жіберейік

Ойын: «Аққаламен ойын»

Жүргізуші: -Шығыңыз төрімізге құрметті Аққала

-Бір көңілді әуен естіледі

-Бізге біреу келе жатқандай

(Музыка ойнап Ақшақар кіреді.)

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме ,балалар

Шырша тойы келгенде

Күтеді мені барша жұрт

Құттықтаймын сендерді

Бүгінгі той мейраммен!

Жүргізуші: Ақшақар қандай жақсы келгенін

Әдемі екен көйлегің, шыршамыз міне дидарлы

Аяз ата біздерге

Қашан келер екен деп?

Ақшақар: Аяз ата ойды-қырды,аралап

Жаңа жылдың кешіне сендерге сыйлық әкелмекші.

Аққала: Біз жабырқап тұрмайық

Мерекені тойлайық

Шапалақтап алақанмен

Тықылдатып аяқпенен

Бәріміз биге шығайық

 

Жүргізуші: Балалар Ақшақар бізде қонақта, Ақшақарға арналған тақпақтарынды айтып беріңдерші.

Азалия : Мұздан моншақ тағынып

                Күміс қырау жамылып

                Ортада тұр Ақшақар

                Көптен күтіп сағынған.         

Інкәр : Шыршамыз, шыршамыз

            Көңілдіміз бәріміз

            Ән салуға, би билеуге

            Біз дайынбыз бәріміз. 

С.Айлин:  Аппақ қыстың бояуы

                 Аппақ қыстың бораны

                 Ақ көрпеге орайды

                 Ақ қар байтақ даланы.

Ерасыл : Жаңа жылмен, Жаңа жылмен!

                  Құттықтаймыз әрине

                  Әжемізді, атамызды.

                  Қонақтардың бәрінде.

Ақшақар: Неге бізге Аяз ата келмейді ? Ол бізге уәде берген.

Жүргізуші: Енді қайтеміз? Не істейміз?

Жүргізуші:Қалайша, Ақшақар?

Аяз ата : Ау-Ау-ау (Сыртта тұрып айтады )

Ақшақар: Балалар естідіңдер ме ,бұл Аяз атаның дауысы білем –біз де атамызға

Ау—у-у деп дыбыс берейік.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата қайдасың ?

( Аяз ата кіріп келеді)

Аяз ата: Ау-ау-ау ! Мен мындамын балалар!

Аяз ата: Амансың ба ұлдарым!

Амаңсың ба, қыздарым

Жаңа жылмен құттықтаймын!

Бір жыл бұрын болғанмын, өсіп қапты балалар

Кеңейген шығар ойларын,

Құтты болсын тойларын!

Аяз ата: Шырша шамын жағайық,

Қуанып бір алайық

Ақшақар: Келіңдер, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер!

Тақпақтар:

Рахман :  Тақпақтарды жаттадың

             Биді үйрендік көрсін деп

             Аяз Ата шаттанып

             Бізге риза болсын деп.

Құбылай : Қол ұстасып бәріміз

                     Шырша жаққа келейік

                     Аяз ата келді деп

                     Өлең айтып берейік.

Ж.Айлин: Аппақ тонға оранып

               Базарлықты мол алып

               Келді алыс сапардан

               Аяз Ата оралып.

Арлан: Жаңа жылда жаңаша,

                Тақпақ айтамыз

                 Болсын риза балаша.

                 Әппақ Аяз атамыз.

Асқар: Құрметпен көп тосқан

              Келді Аяз Атамыз!

              Келіңдер, кел достар!

              Қазір ән айтамыз.

Қуаныш : Сақалы аппақ күмістей

                     Тістері аппақ күріштей

                     Қызыл ала шапаны

                     Сағындым Аяз Атаны.

Ақшақар : Кел балалар келіңдер

Аяз атаға ән салып беріңдер

Ән: «Сәлеметсіңбе Аяз Ата»

Аяз ата: Рахмет балалар! Тамаша екен әндерің!

Ойын: «Қолғап»

Аяз ата: Ал, балалар әндеріңді тындадым, тақпақтарынды естідім.

 

Енді менің кететін уақытым келді.

Ақшақар: Аяз ата сен еш нәрсені ұмытқан жоқсын ба?

Балаларға сыйлығың қайда?

Аяз ата: Ой, дұрыс айтасың Ақшақар, мен ұмытып кетіппін ғой.

Аққала сыйлықтарды алып келе жатқан, бірақ кенеттен қатты боран

басталып ол жете алмай жатыр. Боранды тоқтату үшін, маған мына

сиқырлы қарша көмектеседі, қазір мен сиқырлаймын, ақ бораным

тоқта.

Би:«Флеш моб»

(шыршаны айналады, свет сөнеді. Балалар үрлейді)

(Аққала сыйлықтарды шанамен алып келеді)

Аяз ата мен Ақшақар: Сыйлықтарды балаларға таратады. Балалармен қоштасады.

 

Жаңартылған күні: 28.12.2021 21:29
Құрылған күні: 28.12.2021 21:29

Текст