ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарапайым математикалық ұғымдарын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Тақырыбы:«Ғажайып дала» В.Воскобович ойындары  «Геоконт»

Мақсаты: Баланы өз бетімен геометриялық пішіндерді құрастыруға дағдыландыру. Воскобович ойындары арқылы балаға жазықтық бағытын үйретіп, зейін, ынталылық пен ойлау үрдісін дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы санауды, түстерді ажыратуды жалғастырып, заттың қандай пішіннен құралатынын ұғындыру. Қарапайым математикалық ұғымдарын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, Геоконт, Воскобович шаршылары, үйдің макеті, үлгі кескіндер.

Билингвальды компонент: үй-дом, шаршы-квадрат

 

Сабақ барысы:

Сәлеметсіздерме, балалар. Маған көмектесуге келгендерін үшін үлкен рахмет.

 Ғажайып даласында  Геоград қаласы бар. Бұл қаланың тұрғындары- геометриялық пішіндер.

Балалар сеңдер қандай пішіндерді білесіңдер?  (үшбұрыш,шаршы, дөңгелек)

- Дұрыс

-Өткен аптада қатты дауыл болдып,  Геоград  қаланың үйлері бұзылды.

- Геоград тұрғындарына көмектесейік

- Ол үшін геоконт планшетті қолымызға аламыз, сол жағында геометриялық пішіндер бар. Қандай пішін бар, сондай үй иесі.

Мысалы: шеңбер- дөңгелек пішінді үйі, үшбұрыш - үшбұрыш үйі, тік бүрыш- тікбүрыш үйі.

Балалар, үй жасайды геоконтпен.

Сұрақ :

– Балалар, тікбұрыш үй жасау үшін неше резеңке қолданасындар?

- Ұшбұрышты санмен  көрсетіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар, үйдің төбесі қандай пішін?-үшбұрыш

-Ал, қабырғасы ше?   -төртбұрыш

- Мына менің қолымдағы қандай пішін?  -шаршы

-Осы шаршыдан да әр түрлі нәрселер жасауға болады. Шаршыны ортасынан бүктесек, қандай пішін пайда болады?   -тік төртбұрыш

-Ал,бұрыштарын  қоссақ, қандай пішін шығады?-үшбұрыш

 

 Балалар тәрбиешінін сұрақтарына жауап береді.

 

СЕРГІТУ СӘТІ:

Бойыңды сергек тік ұста, 
Емін-еркін тыныста. 
Деміңді ішке тез ал да, 
Сол қолыңды соз алға. 
Қол ұшына қара да, 
Үшбұрыш сыз ауада. 
Оң қол да бос тұрмасын, 
Шеңбер сызып зырласын. 

 

 

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қалта».

 

Гео бүлдіршін балаларға ризашылығын айтады.

Тәрбиеші: балалар бүгін сабақта біз не жасадық, кім бізге келді? Сендерге не ұнады? Осымен біздің сабағымыз аяқталды, рахмет. Сау болыныздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 17.09.2020 19:44
Құрылған күні: 17.09.2020 19:59

Текст