ГККП "Ясли-сад "Қарлығаш" города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району  управления образования Акмолинской области
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК

Біз әлеуметтік желілерде

  

https://instagram.com/karligash_sad1?utm_medium=copy_link

 

 

 

https://www.facebook.com/ГККП-Ясли-сад-1-Қарлығаш-536016223542833/?ref=settings

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Достық мерекесі»

Тақырыбы: «Достық мерекесі»

Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы туралы түсінік беру. Халықтар арасындағы достықты сақтауға үйретe. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Елімізді мекендитін басқа ұлт өкілдеріне силастықпен салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Адамгершілікке баулу.

Көрнекі құралдары: Әр ұлттың суреттері, тағамдардың суреттері, слайд.

Тәрбиеші: Балалар  мен сендерге  достық туралы мақал айтайын.

1.Ырыс алды ынтымақ.

2.Бірлік болмай тірлік болмас.

 Ұрыс ырысты қашырар.

 Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс айтасыңдар, көктемде қандай мерекелер бар?

Біз қандай мерекені тойладық? Есімізге түсірейік.

-1-Наурыз- Алғыс айту күні

-8-Наурыз-Аналар мерекесі

-22-Наурыз- Барша мұсылман қауымының Жаңа жыл мерекесі

12-сәуір -Ғарышкерлер күні

1-Мамыр Ынтымақ, бірлік, достық мерекесі.

-Балалар біздің ұлтымыз қандай?

-Қазақ

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Қазақ тілінде.

Дос сөзін қалай түсінесіңдер?

Сендердің басқа ауылда немесе қалада достарың бар ма?

-Қазақ халқының өзінің тілі, ұлттық киіміміз, салт-дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқа ұлт өкілдері де тұрады.

Мысалы: орыс, өзбек, қырғыз татар, ұйғыр, кәріс т.б ұлттар тұрады.

Слайд: Сурет арқылы әр ұлттың киімдерімен таныстыру.

Балалар осы ұлттардың барлығы да Қақстанда тұрады.Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмаса да Қазақстан елін елім деп, жерін жерім деп құрметтейді.Әлем халықтарының тату-тәтті бейбітшілікте, бірлікте өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы екенін жақсы түсінеді.Сол себепті елімізді қадір тұтып құрметтейді.

Қимылды ойын: «Көңілді шарлар»

Қортынды:

Қандай сабақ өттік?

Балалар біз бүгін қандай мереке туралы айттық?

Достар қандай болу керек?

1-Мамыр қандай күн екен?

Балалар шеңберде тұрады:

Барлық әлем балаларын достыққа шақырайық.Өз достық тілегімізді, лебізімізді білдірейік.

Еліміз тыныш болсын!

Күніміз жарық болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын !

Көк туымыз биік болсын.!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көп ұлтты еліміздің халқы мен мәдениеті салт-дәстүрі туралы

Игереді: Әр ұлттың өзіне тән киімі, тағамы, салт-дәстүрі, өнері, болатыны.

Меңгереді: (Елімізде тұрып жатқан ұлт өкілдерінің сат-дәтүріне құрметпен қарауға) Достықты бағалауды, достарының арасындағы жақсы қатынастарды.

«Қоңырау» тобының тәрбиеші  Кенжетай Курмановна

Жаңартылған күні: 02.05.2022 23:29
Құрылған күні: 02.05.2022 23:29

Текст